Тағайындау • 14 Ақпан, 2020

Қамбар Ахмет – «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры

1027 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әріптесіміз, белгілі журналист, «Egemen Qazaqstan» газетінде бас редактордың орынбасары, кейіннен «Ortalyq Qazaqstan» газетінің басшысы қызметін абыроймен атқарған Қамбар Ахмет «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды.

Қамбар Ахмет – «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры

Еңбек жолын «Ortalyq Qazaqstan» газетінде бастаған ол әр жылдары «Aiqyn» газетінде меншікті тілші, Baq.kz ақпарат агенттігінде бас редактор, «Қазақстан» РТРК Интернет редакциясында бас редактор, Nur Otan партиясында, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде кеңесші қызметтерін атқарды. Ал «Egemen Qazaqstan» газетінде бас редактордың орынбасары ретінде саясат және құқық бөлімдерінің қызметін ұйымдастырып, газеттің өндірістік-шығармашылық жұмыстарының маңызды бөлігіне жауапты болды. 2019 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Қарағанды облысының «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді.

Қамбар Жұмағалиұлы 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түлегі. Журналистикадағы еңбек жолын «Балқаш өңірі» қалалық газетінің тілшісі қызметінде бастаған.

2004-2006 жж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші;

2006-2007 жж. Қарағанды облыстық «Балқантау» газетінде тілші;

2005-2008 жж. «Қазақстан баспасөз клубы» АҚ Қарағанды облысы бойынша өкілі;

2007-2014 жж. Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің тілшісі;

2010-2013 жж. Baq.kz ақпарат агенттігінің Бас редакторы;

2013-2014 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінде Бас редактор;

2014-2016 жж. Nur Otan партиясы «Электронды партия» медиа редакциясы интернет-ресурсының басшысы;

2016-2018 жж. Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі;

2018-2019 жж. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Бас редакторының орынбасары;

2019 жылдан Қарағанды облысының «Ortalyq Qazaqstan» газетінде бас редактор қызметтерін атқарған.

Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.