Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Орталық мемлекеттік архиві мен Суретшілер одағы ынтымақтастық келісімін жасады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Орталық мемлекеттік архиві мен Суретшілер одағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Орталық мемлекеттік архиві мен Суретшілер одағы ынтымақтастық келісімін жасады

«Рухани жаңғыру» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларын және ел тарихын одан әрі зерттеу мен мұрағат саласын кешенді дамыту мақсатында құрылған достық келісімге Орталық архив директоры Арнұр Қарымсақов пен Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов екіжақты келісім бойынша болашақта бірлесіп атқарылар іс-шараларды талқылады. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің «Кешенді іс-шараларды бекіту» туралы Қаулысына сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған «Архив 2025» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, дөңгелек үстел, семинарлар жүргізу, мәдени мұра саласындағы еңбектермен өзара алмасу секілді бірнеше ұсыныстар бекітілді. Сонымен қатар, Суретшілер Одағы архив қорына 154 кітап өткізді.

Сондай-ақ, Суретшілер Одағынан келген қонақтар архив ішіне экскурсия жасады. Болашақта екіжақты ынтымақтастық ел мәдениетінің өркендеуіне үлесін тигізеріне үміт мол.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар