Әлем • 26 Ақпан, 2020

Қытайдан өзге тағы 7 мемлекет коронавирус қаупі бар елдердің бірінші санатына кірді

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы еліміздің бас сантитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Қытайдан өзге тағы 7 мемлекет коронавирус қаупі бар елдердің бірінші санатына кірді

«Үш категорияның тізіміне өзгеріс енгізілді. Ведомствоаралық комиссияның отырысында осы жағдай қаралып, барлық мүдделі ведомстволарға тапсырма берілді. Бірінші санатқа тағы бірқатар елдерді енгіздік. Бұл санатта бұрын тек Қытай болса, енді Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран мемлекеттері мен Қытайға бағынышты Гонконг, Макао, Тайвань арнайы автономиялық аймақтары енгізілді. Бұл шешім әлемдегі жағдайдың күрделенгенін көрсетіп жатыр. Сондықтан барша ведомстволар нақты тапсырма алды», – деді бас санитар.

Ж. Бекшиннің айтуынша, бір күннің ішінде жаңа жағдайға сәйкес, ҚР бас сантиарлық дәрігердің қаулысын шықты. Сол қаулы бойынша барлығына тапсырма берілді.

«Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тапсырма берілді. Барлық әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармаларына алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Бұл өзгерту наурыз айының бірінен басталады», – деді Ж. Бекшин.

 

Соңғы жаңалықтар