Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Оралда Мейірбек Тәжқұрановтың «Мекенім – Қазақстан» атты фотокөрмесі ашылды

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қалалық көрме залында жергілікті жас фотограф Мейірбек Тәжқұрановтың «Мекенім – Қазақстан» атты фотокөрмесі ашылды. Бұл талантты фотошебердің екінші көрмесі. Мейірбектің туындылары тұңғыш рет көрермен назарына 2018 жылы дәл осы көрме залында ұсынылған болатын.

Оралда Мейірбек Тәжқұрановтың «Мекенім – Қазақстан» атты фотокөрмесі ашылды

Мейірбек оқушы кезінен-ақ фотоөнермен шұғылданады. ТМД елдері жастары арасында өтетін Дельфий ойындарына «фотография» жанры бойынша қатысып, үш жыл қатарынан жүлдегер болған Мейірбек Тәжқұранов фотоны өнер ретінде бағалайды. Қазақ фотоөнері тарихына да қызығып, Шәңгерей Бөкеев шығармашылығын зерттеп, насихаттап жүргені тағы бар.

ОроалМейірбектің талғамы биік, қабілеті күшті. Кей замандастары фотоаппарат асынып, той-томалақтың айналасынан шыға алмай жүргенде, бұл туған жердің табиғаты мен тарихи-мəдени орындарын аралап, соларды хаттаумен шұғылданып жүр, - дейді оралдық белгілі фотограф, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рафхат Халелов.ооал

Шынында да Мейірбек еліміздегі әріптестерімен бірге түрлі блог-турларға қатысып, іссапарға жиі шығады. Еліміздің қайталанбас табиғатын, жәй адам күнделікті байқай бермейтін тылсым табиғат көріністерін Мейірбек қалт жібермейді.

сурет

Өткен жылдың соңында Батыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен 4 күнге созылған үлкен блог турға қатысып, Ақ Жайық өлкесінің тарихи һәм киелі жерлерін аралап шыққан болатын. «Мекенім - Қазақстан!» фотокөрмесіне де осындай сапарлардан түсірілген тың дүниелер қойылған.  

орал

Фотокөрме Орал көрме залында биылғы 3 наурызға дейін тұрады.

 

Батыс Қазақстан