Аймақтар • 08 Наурыз, 2020

«Мен сыйға тартқан орамал» 

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық Халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында жергілікті «Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне арналған кездесу өтті.

«Мен сыйға тартқан орамал» 

Мерекелік кездесуге ауылдағы ақ жаулықты әжелер, көп балалы, жетім балаларды бауырына басып, тәрбиелеп отырған аналар  шақырылды.

Кездесу барысында Қалима Ахтанова, Пану Бастесова, Майер Ханзура, Ақмарал Мұкатова, Ольга Калинина, Майра Аманова, Фариза Айдарханова, Гүлжан Сүлекеева, Майтан Масақбаевалар әрқайсысы өз ойларымен, қызықты естеліктерімен  бөлісті.  

Ал кәсіпкер Майра Аманова 2011 жылы Елбасының мерекелік қабылдауында болған. 

Бұл күндері Майра апай аудандағы аз қамтылған және көп балалы отбасында тәрбиеленген оқушыларды тегін тамақпен қамтып отыр.

Майра апай секілді  Майтан Масақбаева да кең жүректі, мейрімді ана. Екі орыс баласын балалар үйінен  асырап алып, Алтынбек, Қымбат деген есімдер берді.

Кездесуге келген кішкентай Қымбат Газина аудан орталығындағы мектептің 3-сыныбында қазақ тілінде оқиды.

Жергілікті музей меңгерушісі Айсұлу Бижанова бастаған «Мен сыйға тартқан орамал» кездесуін ұйымдастырушылар кездесуге келген аналарға орамал, кішкентай Қымбатқа қазақтың  ұлттық киімін сыйға тартты.

Орталық директоры Самат Әлібекұлы да аналарды мерекемен құттықтап, ән шырқады.

Мерекелік дастархан басында аналарға Күләнде Сейітова «Мама» әнін, Мәулетбек Жігербек «Аналар-ай» термесін орындап берді.

Аудандық «Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақтыбала Бекжанова «Анама», «Аққулының әжелері» тобының орындауында «Гүл-гүл жайна», «Маржан-ай» әндерімен аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Павлодар облысы

Аққулы ауданы

Суретті түсірген: Айбек Берікұлы