Руханият • 08 Наурыз, 2020

Димаш Құдайберген Ригада өнер көрсетті

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия астанасында Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Жанкүйерлер әншіні зор қошеметпен қарсы алған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі dimashnews.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Димаш Құдайберген Ригада өнер көрсетті

Әншінің әлемнің 30-дан астам елінен келген жанкүйерлері аты аңызға айналған «Рига-Арена» стадионында бас қосты.

м

Спорт сарайында ине шаншар орын жоқ. Залдағы атмосфера таңдай қақтырады, ондағы көрерменнің барлығы көтеріңкі көңіл-күйде. Мұны олардың бет-жүзінен анық байқауға болады.

в

Әртүрлі елдерден жиылған жанкүйерлердің тілектері бір арнада тоғысып, керемет күй кешуде. Олар бір үлкен отбасы сияқты, сүйікті әншілеріне шынайы ықыластарымен құрмет білдіруде.

у

Көпшіліктің қолында жалаулар желбірейді, Димашты қолдайтын ұрандар жазылған плакаттар бар. Олар маңдайында «DEARS» деген жазуы бар бас киімдер киіп, жүрек түріндегі үлкен ашықхаттар ұстап алған.

Сондай-ақ әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз концертінде нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге барлық жақсылықты, яғни бақыт, махаббат, отбасының амандығын тілеймін. Армандарыңыз орындалып, балаларыңыз лайықты адам болып өссін. Ерлеріңіз үнемі жандарыңызда болсын», - деді ол.

Әншінің құттықтауы жазылған видеоны Instagram-дағы эстондық өнерсүйер қауым жариялаған.

Еске сала кетейік, 9 наурызда Димаш Құдайберген Мәскеуде, 11 наурызда – Киевте, 19 наурызда – Гамбургте, 21 наурызда – Дюссельдорфта, 25 наурызда – Прагада, 29 наурызда – Штутгартта, ал 4 сәуірде Минскте концерт береді деп күтілуде.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51