Президент • 15 Наурыз, 2020

Президент: Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі бүгінгі жағдай туралы ойымен бөлісті.

 

Президент: Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда

«Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. 

Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты.

Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі. Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті.

Оны ешқашан естен шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда» деп жазды ел Президенті.