Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Қызылорда: Хабарсыз кеткен балықшы табылды 

1664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтыншы наурыз күні Шиелі ауданының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне Қызылорда қаласынан Телікөл көліне балық аулауға кеткен танысының осы уақытқа дейін үйіне оралмағандығы жөнінде арыз түсірген. 

Қызылорда: Хабарсыз кеткен балықшы табылды 

Хабарсыз кеткен азаматтың туыстарынан алынған мәліметтерге сәйкес бағыт-бағдар жасалып, кешенді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іске Төтенше жағдай департаменті мен волонтерлар да жұмылдырылды.   

Жан-жаққа салынған сұрау өз нәтижесін берді. 12 наурыз күні Шиелі ауданындағы Балаби ауылының тұрғыны Сұлутөбе елді мекені аумағындағы Барша көлінің маңайынан бөгде азаматты көргені жайлы учаскелік полиция инспекторына хабарлайды. Осы бойынша барған іздестіру тобы бір аптадан хабарсыз кеткен азаматты аман-есен үйіне жеткізді.    

Құқық қорғаушылар мен тұрғындардың бірлескен жұмысы, осылайша, өз нәтижесін берді.