Әлем • 19 Наурыз, 2020

Коронавирустан кем дегенде 10 анықталмайтын вирус тарайды

1186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша әлемде коронавирус індетінің 200 000 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 80 мың адам ауруға төтеп беріп жеңген болса, 8 мыңнан астам адам қайтыс болған. Бұл сандар ғалымдардың дабыл қағуына себеп болды. Олардың пікірінше, әрбір анықталған коронавирустан кем дегенде 10 анықталмайтын вирус тарайды екен.

Коронавирустан кем дегенде 10 анықталмайтын вирус тарайды

Қытайдың Ухан қаласында пайда болып, кейіннен бүкіл әлемге таралған коронавирус індеті әркімде әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір адамдарда ауру белгілері бірден айқын көрінсе, енді бірінде адам өзі білмей ауру таратуы мүмкін, яғни ауру белгілері жасырын болуы мүмкін.

Германияда індеттің таралуы туралы мәлімет жинаған Кох институты кеше ғана 8000-нан астам жағдайды тіркеді, бірақ іс жүзінде бұл вирусты жұқтырғандардың саны 35 000-нан 70 000-ға дейін деп мәлімдеме жасаған.

1

Қытайда коронавирусты анықтау үшін алғаш рет сынақ басталғанда аурулардың тек 14%-ында ғана ауруды анықтаған болса, коронавирус жұқтырғандардың қалған 86%-ында сынақ нәтижелері вирустың барын анықтай алмаған. Science ғылыми журналының мәліметі бойынша, коронавирус анықталған әрбір 8 адамның біреуінде ғана сынақ нәтижесі оң болып шыққан. Қалған 7 адамда теріс нәтиже көрсеткен.

1

 

 

Соңғы жаңалықтар