Елбасы • 20 Наурыз, 2020

Қабылданып жатқан шаралар дер кезінде қолға алынды – Н.Назарбаев

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынғанын атап өтті.

Қабылданып жатқан шаралар дер кезінде қолға алынды – Н.Назарбаев

«Қазір коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатыр. Азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің бәрі де орындалуда. Елдегі құқықтық тәртіп қамтамасыз етіліп отыр. Отандық кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Жұмыс орындарын сақтауға барынша күш салынуда» деп атап өтті Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған шаралардың дер кезінде қолға алынғанын баса айтып, толық қолдайтынын жеткізді.

«Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынды. Мен мұны толық қолдаймын! Сонымен қатар қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, Үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс. Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек» делінген Елбасы үндеуінде.