Елбасы • 20 Наурыз, 2020

Көмекке мұқтаж әр­ азаматқа қамқорлық көр­се­тілуге тиіс - Елбасы

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде бір-бірімізге қамқор болуымыз керектігін айтты.

Көмекке мұқтаж әр­ азаматқа қамқорлық көр­се­тілуге тиіс - Елбасы

Үлкен кісі­лерді, балалар үйі тәрбие­ле­ну­шілері мен арнаулы ауру­ха­­на­лар­дағы науқастарды қа­жет­ті зат­тар­мен үзбей қамта­ма­сыз етуге баса көңіл бөлген жөн деді Елбасы.

«Еліміздің көмекке мұқтаж әр­бір азаматына қамқорлық көр­се­тілуге тиіс. Қазақстандықтар қиын ке­зең­­дерде әрдайым бір-біріне жәр­демдескен. Бұл іске еріктілер қозға­лы­сының өкілдері де атсалысады  деп сенемін» деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы біз пандемия­мен күрестің алдыңғы ше­бінде жүрген дәрігерлер мен мед­бикелерді, құқық қорғау ор­гандары мен әскери қызмет­кер­лерді қолдауымыз керек екенін еске салды.

«Олардың иығына ауыр жүк түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Жұртшылықтың оларға кө­мек­тесіп, түсіністік танытуға және барлық нұсқауын жауап­кер­ші­лік­пен орындауға тырысқаны жөн» деді Тұңғыш Президент.