Әлем • 20 Наурыз, 2020

«Вирус ұлтқа бөлінбейді»: испаниялық саясаткер індетті «қытайлық» деп атамауға шақырды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық дипломат Жозеп Боррель бүкіл әлемге тарап, жаһандық қатер тудырған жаңа коронавирусты «қытайлық» деп атамауға шақырды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Вирус ұлтқа бөлінбейді»: испаниялық саясаткер індетті «қытайлық» деп атамауға шақырды

Мәселен, COVID-19 инфекциясын АҚШ Президенті Дональд Трамп вирус Ханзу елінде тарағанын негізге ала отырып, «қытайлық» деп атайды. Сондықтан, америкалық БАҚ өкілдері көшбасшыны расимзге кінәлап отыр.

«Вирус ұлтқа бөлінбейді. Олардың шекарада жұмысы жоқ. COVID-19 қытайлық вирус емес, сол сияқты испан тұмауы да испаниялық емес. Біз жаһандық серіктестікті қажет ететін ауқымды қауіпке кездесіп отырмыз. Сол үшін барлығымыз іске кірістік» деп жазды Ж. Боррель Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирустық жағдайға байланысты соңғы деректер белгілі болды. Енді инфекция тіркелген қалалар тізімінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек Қарағанды қаласы да бар.

20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында.