Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Үй карантиніндегі отбасының барлық мүшелері нені ескеруі керек?

1086 реткөрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі үй карантиніндегі отбасының барлық мүшелеріне арналған нұсқаулықты жариялады. 

Онда мыналар қамтылған: 

  1. Күніне кемінде екі рет дене температурасын өлшеңіз.
  2. Үй-жайларды күніне кемінде екі рет желдетіңіз.
  3. Бөлмені күн сайын ылғалды тазалаңыз.
  4. Қолды жиі сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептик қолданыңыз, қолды бір рет қолданылатын сулықтармен сүрткен жөн.
  5. Отбасындағы әрбір адам жеке ыдыс-аяқ пен жеке гигиена құралдарын пайдалануы керек.
  6. Бөгде адамдардың келуіне рұқсат етпеңіз.
  7. Түшкіргенде немесе жөтелгенде бір рет қолданылатын сулықпен ауыз бен мұрынды басыңыз, сосын қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикпен тазартыңыз.
  8. Отбасының кез келген мүшесінде температура немесе әлсіздік белгілері байқалса карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсете отырып Call орталыққа (1406) дереу хабарласыңыз немесе жедел жәрдем (103) шақырыңыз. Сондай-ақ сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.
Соңғы жаңалықтар

Елдік нышандар тарихы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар