Әлем • 22 Наурыз, 2020

Моңғолия президенті Наурыз мейрамымен құттықтады

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга Моңғолиядағы қазақтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Асылбек Баяжұма Фейсбуктағы парақшасында жариялады.

Моңғолия президенті Наурыз мейрамымен құттықтады

«Наурыз мейрамы құтты болсын!
Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Көктем айының шуағын ала келетін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлағалы отырған қазақ халқына арнайы үндеуім:
Біз сіздерді ағайын-туыстарыңызбен аман-есен қауышып, ақсақал қарияларды құрметтеп құттықтағанда, озық технологияларды қолдана отырып, қауіп қатерден сақтану үшін электронды сәлемдесу және қашықтықтан сәлемдесу түрлерін қолдануды сұраймын.
Дүние жүзінде кеңінен тарап жатқан тәж вирустың індетінен ақсақал қарияларымызды сақтау Сізбен біздің ең басты міндетіміз сондықтан тойдың күндерінде де қауіпсіздік шараларды жалғастырып, ұйымдастыруға шақырамын.
Наурыз мейрамы береке бірліктің белгісі болған қарттарымызға қуаныш сыйлайтын, ғасырлар бойы жалғасқан ауырлығы аз, арақ шараптан алыс ерекше мереке болғандықтан қарттарымызды барлығымыз қауіп қатерден сақтағанымыз жөн.
Күн нұрын да төгіп, күлімдеп тыныштықта келе жатыр.
Отанымыз тыныш, еліміз аман болса әлі талай-талай Наурыз мейрамын бірге тойлаймыз.
Барша қазақ халқы сіздерді Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай келе барлық жақсылықты тілеймін!», делінген құттықтауда.