Әлем • 25 Наурыз, 2020

Чехия Еуро одақпен шекарасын екі жылға жабуды ұсынды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда SARS-CoV-2 коронавирусына шалдыққандар санының ұлғаюына байланысты  мектептердегі карантин мерзімін ұзартып, Еуро одақпен шекарасын жабуға мәжбүр болып отыр.

Чехия Еуро одақпен шекарасын екі жылға жабуды ұсынды

Елдің коронавируспен күресте дағдарыс штабының жетекшісі Роман Примула ата-аналарды балаларын жақын арада мектептерге апаруға үміттенбеуге шақырды. Оқушылар мектепке осы жылдың қыркүйек айында ғана оралуы мүмкін. Ал Еуро одақпен шекара екі жылға дейін жабылуы тиіс. Алайда мұндай шешім ел ішінде дүрбелең туғызып отыр делінген regnum.ru деректерінде.

STAN қозғалысының басшысы Вит Ракушан коронавируспен күреске қолданылып жатқан шараларды құптағанымен, ел азаматтарын екі жылға дейін елден шықпауға шектеудің тым артық екендігін айтады. Ал бұрынғы Қаржы министрі Мирослав Калусек Примуланың айтқандарын саяси жауапкерсіздік деп атап өтті.

Соңғы деректер аталған елде ауру жұқтырғандардың саны 1047-ге жетіп, алты адамның жазылғанын айғақтайды.

 

АЛМАТЫ