Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

«SADU development» компаниясы карантин аумағына 18 000 құты спирт өнімін жөнелтті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс Алматы қаласының карантинге жабылып, толықтай оқшаулануы мегаполиспен іргелес жатқан Жетісу жұртын да алаңдатып отыр. Қазір қалаға көмек қолын созуға ынталы адамдар тобы көбейіп келеді. Олардың қатарында алғашқы болып Алматы облысының кəсіпкерлері үн қатты.

«SADU development» компаниясы карантин аумағына 18 000 құты спирт өнімін жөнелтті

Бүгін облыс кәсіпкерлерінің атынан «SADU development» компаниясы Алматының төтенше жағдайлар жөніндегі штабына көмек жіберді. Яғни, компания мегаполистегі коронавируспен күрес шараларына белсене қатысып жатқан медицина мамандарына, полицейлер мен әскери қызметкерлерге қажетті медициналық спирт өнімін жеткізді. «SADU development» компаниясы жіберген 18 мың құтыдағы спирт қазір індеттен сақтану үшін залалсыздандыру мақсатына өте қажет өнім болып тұр. 

- Алматы қаласы біздің тұтынушыларымыз тұратын нарық қана емес. еліміздің рухани-мəдени орталығы ретінде бәрімізге қымбат. Карантин кезінде алматылықтарды жалғыз қалдырмаймыз. Еліміздің басқа өңірлері сияқты Алматы облысының кəсіпкерлері де мегаполистағы вируспен күрес шараларына қолдау көрсетуге əзір, - дейді «SADU development» компаниясының директоры Ерлан Қожасбаев.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар