Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: коронавируске қарсы шеп құру жоспары пысықталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте облыста эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда Қостанай қаласына кіреберіс жолдарда бақылау-өткізу бекеттерін орнату туралы мәселе сөз болды. Қостанай қаласының әкімі мұндай жағдайда ірі автокөлік жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.

Қостанай облысы: коронавируске қарсы шеп құру жоспары пысықталды

- Облыстық ПД-нің мобильдік патрульдері Ақтөбе облысымен және Ресеймен автокөлік қатынасын үзу үшін Қостанай – Жданов және Қостанай – Майкөл автожолдарын қоршауға дайын. Бастысы, транзиттік автомобильдердің қаланы неғұрлым алыстан айналып өтуін қамтамасыз ету керек. Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесінде қолданылған ең тиімді жол – осы, - деді Қ. Ахметов.

у

Жиын барысында аймақ басшысы барлық ауданда бақылау-өткізу бекеттерін қоюды қарастыру қажет екенін атап өтті.

Кәсіпкерлер мен облыс тұрғындарын уақытша енгізілген шектеу тәртіптерін сақтауға бүгін тағы да үндеген Архимед Мұхамбетов: - Бұған түсіністікпен қарауды сұраймын. Қабылданып жатқан барлық шаралар вирустың таралу аясын тарылту  үшін жасалып жатыр, - деді.

 

Қостанай облысы