Әлем • 28 Наурыз, 2020

Джеки Чан қазақстандықтарға «Біз біргеміз» деп сәлем жолдады (видео)

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирусқа қарсы күресте «Біз біргеміз» деп қазақстандықтарға сәлем жолдады.

Джеки Чан қазақстандықтарға «Біз біргеміз» деп сәлем жолдады (видео)

Актердың видеожолдауын Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин Инстаграм парақшасында жариялады.

«Менің есімім – Джеки Чан. Апаттар әдетте қатігез. Бірақ адамдардың жүрегінің алдындағы махабаттың алдында олар да дәрменсіз. Біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Сонда ғана вирусқа қарсы күресте жеңіп шығамыз. Мықты бол, Қытай! Мықты бол, Қазақстан! Біз біргеміз!», - дейді Джеки Чан.