Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Арқалықтағы коронавирус жұқтырған әйел туралы ақпарат - жалған

10312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WhatsApp мессенджері арқылы Арқалықта коронавирус жұқтырған бір адам шығыпты-мыс, - деген ақпарат тарады. Ватсап-хабарламада вирус жұқтырған әйелдің қала базарында жұмыс істейтіні, саудагер таяуда ғана Бішкекке тауарға барып келгені  айтылған. Қостанай облысының полиция департаменті  хабар таратқан әйелді  іздестіріп жатқанын хабарлады. 

Арқалықтағы коронавирус жұқтырған әйел туралы ақпарат - жалған

Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген мәлімет бойынша, Арқалықта коронавирус жұқтырғандар жоқ. Кеше Арқалық пен Жітіқарада екі адам госпитальға жатқызылған. Оның біреуі - ер адам, екіншісі – әйел. Олардың Ақмола облысында коронавирустан қаза тапқан әйелмен бір пойызда отырғаны анықталған. Екеуінен қан алынып, талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Екеуі де карантин аяқталғанша дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Қостанай облысы