Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Аягөздің көшелеріне дезинфекция жасалды  

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі топ жұмыс істеуде.

Аягөздің көшелеріне дезинфекция жасалды   

 Бүгін Аягөз қаласының орталық көшелеріне, сауда және коммуникация нысандарына дезинфекция жасалды.

дез

Бұл жұмысқа 10810 және 10181 әскери бөлімдерінің 92 әскери қызметкері жұмылдырылыпты.

д

«Дезинфекциялық құралдар әкімдіктен бөлінді, сонымен қатар 16443 әскери бөлімі базасының «Рубеж» деп аталатын құралы қолданылуда. Екі топ жұмыс істеуде. 10810 әскери бөлімінің танкі бригадасы мен 36376 резервтік бригадасынан 2 арнайы көліктер берілді.

де

Дезинфекциялық жұмыстар күндізгі сағат 7 мен 11 аралығында жүргізілді. Бір күннен кейін мұндай жұмыстар әскери қалашық аумағында жүргізіледі» дейді Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев.

 Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы