Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

А. Аймағамбетов мектепті сағынған оқушыға жауап берді

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде тараған Нұрисламның бейнежазбасына жауап берді.  Видеода ол анасының сабақ түсіндіргеніне көңілі толмай, мектепке барғысы келетінін жеткізген болатын. 

А. Аймағамбетов мектепті сағынған оқушыға жауап берді

«Балақайға мен өте ризамын себебі мектепке деген сағынышын бізге жеткізіп жатыр. Осыншалықты бағалау бізге әрине өте маңызды. Жалпы біздің республикамызда өте көп жақсы мұғалімдер жеткілікті. Сондықтан біз ұстаздарымызды бағалауымыз керек, олардың жұмысын білуіміз керек. Қазіргі уақытта екі жұма каникулдың ішінде біраз ата-аналар мұғалімдердің жұмысын қаншалықты қиын екенін, қаншалықты ауыр екенін түсінген деп ойлаймын. Өзімнің жақындарым бойынша соны бүгінгі күні мен өзім көріп жатырмын. Енді әрине де Нұрисламға айтатыным қазіргі уақытта бұл оқу процессі тоқтатылмайды. Қазір каникул жүріп жатыр, 6-шы сәуірден бастап күнде өзінің мұғалімімен, өзінің сыныптастарымен кездесіп, вертуалды кездесулер өткізіп, сабақ арқарай жүретін болады. Қазіргі уақытта күнде қолын сабынмен жуып, ата-анасының тілін алып, сабаққа жақсы дайындалып, кітапты көп оқып, дайындалу керек деп айтқым келеді» деді А.Аймағамбетов. 

Соңғы жаңалықтар