Коронавирус • 03 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Канадада ара қашықтық сақтамағандарға айыппұл салынады

330 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 181 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

3 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 1 030 628 өлім саны - 54 137, айыққандар саны - 218 771 адам болды (жаңартылған уақыты 08:28).

17:30

Канада карантин режимін бұзғаны үшін салынатын қаржылық жазаны қатаңдатты

Ел астанасы Торонтода әлеуметтік ара қашықтықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Коронавирусен күрес жағдайында қоғамдық орындарда бір-бірімен екі метр қашықтықты сақтамағандар $3,5 мыңнан астам айыппұл төлейді. 

Канадада коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты.

ж


17:25

Швеция коронавируспен күресте өзге тәсілді таңдады

Елде ешқандай оқшаулау немесе карантин енгізілген жоқ, тек ерікті негізде ұсыныстар мен үлкен үміт.

Шаңғы трассалары ашық, мейрамханалар жұмыс істеп тұр, ал сауда орталықтарына келушілердің қарасы көп.

Коронавирус пандемиясымен күресте өзге тәсілді қолданған Еуропа елдерінің бірегейі Швецияға қош келдіңіздер.  

Еуропа мен АҚШ-тың көп бөлігі үкімет енгізген тұрғындар қозғалысын шектейтін шараларға бағынып отырса, Швецияда кеңселер мен дүкендер сол күйі ашық, ал ел билігі халыққа шектеу емес, ұсыныс білдіріп отыр.

Бұл шешімнің тиімді әлде сәтсіз болатыны туралы Wall Street Journal жасаған сараптаманың аудармасын оқи отырыңыз.


15:10

Израильде COVID-19-ды 6800 адам жұқтырған, олардың ішінде қайтыс болғандар саны ‒ 37.


14:50

Украинада коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 45 дерегі тіркелді. Аталған елде жалпы ауырып жатқандар саны ‒ 941 адам. 


13:40

Өзбекстанда COVID-2019 коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 31 адам тіркелді. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны ‒ 221 адам. 


12:45

Қырғызстанда алғашқы науқас қайтыс болды

Көрші елде коронавирус жұқтырған алғашқы науқас көз жұмды.

Ол - бұрын Ош облысының Ноокат ауруханасына түскен 61 жастағы ер адам. Науқастың коронавирустан басқа, денсаулығын нашарлатқан өзге  созылмалы аурулары болған.

Елде 130 жағдай тіркелген.


12:21

Грузияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 148-ге жетті 

п


10:21

Украина Қарулы күштерінің қызметкері вирус жұқтырды

УҚК әскери бөлімнің бірі орналасқан Хмельницкий облысында COVID-19-ды әскери медицина қызметкері жұқтырды. Наурыз айының соңында ол жедел респираторлы аурулар (ЖРА) диагнозымен амбулаторлық емдеуде болған. 1 сәуірде денсаулығы нашарлағаннан кейін Хмельницкий жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауруханаға жатқызу кезінде пневмония диагнозы анықталған. Сараптама нәтижесінде оның COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болған.  

Қазір науқаспен байланыста болған 140 украиндық әскери қызметкер өзін-өзі оқшаулау режимін сақтап отыр.


09:35

Вирус жұқтырғандар миллионнан асты

Бүгін таңертеңгі есеп бойынша, дүниежүзінде Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 015 709 адам болды.

Ал қайтыс болғандар саны 50 мыңнан асты.

АҚШ әлі де вирус ең көп таралған аймақ, елде 245 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Германияда вирус жұқтырғандар саны Қытайдан 2 мың адамға асып кетті.

Қазір вирус таралған алғашқы төрттік батыс елдері: АҚШ, Италия, Испания, Германия.

Адам өлімі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Италияда 14 мыңға жуық адам. 

ч


09:15

Италияда коронавирустан бір тәулікте 760 адам қайтыс болды, пандемия басталғаннан бері 13 915 адамға жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Азаматтарды қорғау департаментінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады.

Хорватияда жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 011-ге жетті. Қазіргі уақытта бұл елде 35 науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған.

Ресейде сәуір айында толығымен жұмыссыз күндер болады деп жарияланды. Бұл елде 3500-ден астам адам жұқтырған коронавирустың таралуына байланысты демалыс күндерін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Канадада коронавирусты жұқтырғандар саны 10 мың адамнан асты. Қазіргі таңда Канадада коронавирустың ағзада бар-жоқтығына байланысты 257 мыңға жуық адам тексерілді, 127 өлім тіркелді.

Таиланд 3 сәуірден бастап жалпыұлттық коменданттық сағатты енгізеді. Ол жергілікті уақыт бойынша 22:00-ден 04:00-ге дейінгі аралықта болады.

Әзербайжан билігі коронавирусқа байланысты адамдардың қозғалысына шектеу енгізуде. Тұрғындар үйден үш жағдайда ғана шыға алады: медициналық көмек қажет болған жағдайда, күнделікті сұраныстағы өнімдер мен азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді сатып алуға, банк және пошта қызметтерін пайдалануға, туысының жерлеуіне қатысуға. Осы мақсатта SMS-хабарлама жіберу қажет.


09:05

Әлемдегі жағдай қысқаша:

• Әзербайжанда карантиндегілерді электронды құралдар арқылы бақылайды

• COVID-19 туралы тегін онлайн-курс басталды

•Бельгияда 12 жасар қыз Ұлыбританияда 13 жасар ұл коронавирустан қайтыс болды

• БҰҰ Бас хатшысы: Бұл - қазіргі қоғам үшін сыни кезең