Экономика • 03 Сәуір, 2020

Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды - Ж. Мəдиев

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды - Ж. Мəдиев

- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алады және жеңілдікті қаржыландыру ала алады дегенді білдіреді. Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру айтарлықтай кеңейтілді, - деді Жаслан Мəдиев.

Сондай-ақ ол бағдарлама шеңберінде айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

- Бағдарлама шеңберінде айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және жаңартылатын негізде ұсынылатын болады. Бұл ретте, сауда қызметінің субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңге. Кепілдік беру құралы бойынша несие сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, ол бойынша кепілдік мөлшері 50% - дан аспайды. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі несиелер қарыз сомасының 85% - ына дейін кепілдікпен жабылады, - деді вице-министр.