Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: Науқастармен байланыста болғандар коронавирус жұқтырған

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қауіпті індет жұқтырған екі адам бұған дейін анықталған науқастармен қарым-қатынас жасағандар тізімінде болған.

Атырау: Науқастармен байланыста болғандар коронавирус жұқтырған

- Науқастың бірі – 62 жастағы жергілікті тұрғын. Дәрігерлер әйел адамның қазіргі жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалап отыр. Емделушіде жөтел, аздаған дене қызуы бар. Атыраудың тізіміне 22-ші болып енген 37 жастағы ер адам инфекциялық карантинге жатқызылды. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер «науқаста пневмония болуы мүмкін» деген күдіктің барын айтады. Науқаста дене қызуы жоқ. Бірақ, жөтел, әлсіздік, денесінде ісік белгілері бар, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 22 науқас, провизорлық стационарда 27 адам емделуде. Карантиндік стационарға 165 адам орналастырылса, 1098 атыраулық үйде оқшауланған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ