Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: Медицина қызметкерлерін екінші рет қолдау

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«NOMAD SYNERGY» ЖШС төтенше жағдай енгізілгелі бері  екінші рет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.  

Атырау: Медицина қызметкерлерін екінші рет қолдау

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл кәсіпорын №2 облыстық аурухана мен қалалық жедел-жәрдем станциясына 1000 жұп медициналық қолғап пен HC-1 хирургиялық жиынтықтың 30 данасын тапсырды. Бұған қоса, қауіпті індетпен күресіп жүрген   450 медицина қызметкеріне  түскі ас жеткізді.  ⠀

«Қауіпті вируспен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбегі зор. Біз олардың  қажырлы еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп,  алғыс айтуымыз қажет. Бүгінгі тартуымыз – дәрігерлерге деген құрметіміздің белгісі. Біз вирусты бірге жеңеміз» -дейді серіктестік  директоры Қанат Раушанов.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ