Қазақстан • 05 Сәуір, 2020

Коронавирус: Елімізде індет жұқтырғандар саны 551 адамға жетті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 551 адамға жетті. Coronavirus2020.kz сайты таратқан ақпараттарға қарағанда, 5 сәуір, таңғы сағат 09:15-тегі жағдай бойынша Жамбыл облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында 2 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша, елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 551-ге жетті. 5 адам: Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 1, Түркістан облысында – 1 қайтыс болса, 36 науқас жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 19. 

Коронавирус: Елімізде індет жұқтырғандар саны 551 адамға жетті
Індет жұқтырған өңірлер: 
 
Нұр-Сұлтан қаласы – 219
Алматы қаласы – 110
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 20
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 22
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Жамбыл облысы – 28
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 27
Қостанай облысы – 1
Қызылорда облысы – 30
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 25