Қазақстан • 05 Сәуір, 2020

ДСМ еліміздің үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салуды ұсынды

176 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Біздің елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар коронавирустық инфекцияның таралу қарқынын 28 наурызда 52%-дан кешегі тәулікте 12%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл бізге санитарлық және медициналық қызметтерге шұғыл жүктемені азайтуға және ауырған адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook-парақшасында жазды. 

ДСМ еліміздің үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салуды ұсынды

«Сонымен қатар елімізде сырқаттанғандардың жалпы санының өсуі байқалады. Басқа елдердің тәжірибесі аурудың негізгі кезеңі сәуір-мамыр айларында, сәуірдің бірінші жартысында жағдай күрделенеді деп болжауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде біз 3500-ге жуық адам жұқтыруы мүмкін екенін болжап отырмыз (қазір 551).
Алдағы уақытта, жаз айларында эпидемиологтар індеттің толық тоқтатылуына қарамастан қарқынының төмендеуін күтуде. Кейбір сарапшылар осы жылдың күзінде эпидемияның қайтадан маусымдық көтерілуін жоққа шығармайды.

Сондықтан да біз үшін індет кезеңінде де, ұзақ мерзімді кезеңде де барлық мұқтаждарға толыққанды медициналық көмек көрсетуге жан-жақты әзір болуымыз ерекше маңызға ие» деп дазды министр.

Сондай-ақ Елжан Біртанов осы көмекті көрсету үшін коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған 3920 инфекциялық төсек-орын, сондай-ақ оған күдікті пациенттер үшін 7300-ге жуық провизорлық төсек орын жабдықталғанын айтты. Сондай-ақ, министрдің жазуынша, 170 өкпені жасанды желдету аппаратымен (ӨЖЖ) және 38 қанның экстракорпоралдық мембраналық оксигенациясы аппаратымен (ЭКМО) жабдықталған 180 ауыр науқасты қабылдауға арналған реанимациялық бөлімшелер де дайын.

«Алайда, орта есеппен емделушілер жұқпалы аурулар ауруханасында 3-4 апта өткізетінін, сондай-ақ, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған кәсіпорындар мен қызметтер ұжымдарында - медицина қызметкерлері, полиция, Қарулы Күштер және т.б. инфекцияның пайда болу қаупі бар екендігін ескере отырып, бізге төсек-орындар мен арнайы ауруханалардың көп саны талап етіледі.

Бұл ретте олар инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы өте маңызды: боксталған палаталар, ерекше желдету жүйесі, соның ішінде реанимациялық палаталарда теріс қысым, шлюздік бөлу "таза" және "лас" аймақтарға және т.б. Біз Қытайда мұндай тез салынатын ауруханалар қалай пайдаланылғанын көрдік. Біз АҚШ, Италия және басқа еуропалық елдердегі әдеттегі ауруханаларға қандай ауыр жүктеме бар екенін көріп отырмыз. Көптеген ел пациенттердің жұқпалы қауіпсіздігі мен медициналық қызметкерлердің қажетті технологияларынсыз бейімделмеген объектілерді, спорт ғимараттарын пайдалануға мәжбүр» деп жазды Денсаулық сақтау министрі.

Елжан Біртановтың айтуынша, дәл осыны ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі аса ірі қалаларда - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында кемінде үш жұқпалы аурулар ауруханасын (бірінші кезеңде 200-300 орын) шұғыл түрде салу қажеттігі туралы ұсыныс енгізген. Жергілікті атқарушы органдар осы жобаларды іске асыруға жауапты.

Оның жазуына қарағанда, құрылыс компаниялары осы мәселеде үлкен көмек көрсетіп, қолдау көрсетіп жатыр. Қысқа мерзімде (15-20 күн) құрылысты аяқтау жоспарлануда. Жедел технологиялар, дайын блоктық-модульдік шешімдер, инфекциялық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы жүйелері пайдаланылады, қажетті медициналық және зертханалық жабдықтар орнатылады.

«Мұндай шаралар біздің еліміздің коронавирус пандемиясының қазір салдарын ғана емес, сондай-ақ кейіннен болуы мүмкін індеттерге ден қою және жою мүмкіндіктерін нығайтуға мүмкіндік береді!

Әлем осындай жаһандық және агрессивті сын-қатерлерге дайын емес екенін мойындау қажет. Денсаулық сақтау жүйесі негізінен "мінез-құлықтық" созылмалы инфекциялық емес ауруларға (диабет, гипертония, онкология және т.б.) ауысты. Әлбетте, Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қайта құру және жақын арада осындай жағдайларға дайын болу керек!

Осы жағдайды пайдалана отырып, коронавирусты инфекцияның пандемиясына қарсы әрекет ету жөніндегі біздің жұмысымызды түсінгені және қолдағаны үшін халқымызға алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ ресми көздерден алынған ақпаратқа ғана сенуді, осы саладағы жауапты мамандардың пікіріне құлақ асуды сұраймын.

Осы Төтенше және шұғыл шаралардың барлығы біздің халқымыздың денсаулығы үшін ғана іске асырылады!

Біз бірге жеңеміз! Біз біргеміз!» деп аяқтады жазбасын министр.