Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Атырау: 23-науқас – 47 жастағы әйел

1155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған  23-науқас – 47 жастағы әйел болып шықты.

Атырау: 23-науқас – 47 жастағы әйел

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 47 жастағы әйелмен қарым-қатынас жасағандардың бәрі анықталып, түгелдей оқшауланыпты.  

«Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 23-ке жетті. Инфекциялық стационарда – 23 науқас, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда 173 адам жатыр. Сонымен бірге 925 адам үй карантиніне оқшауланды» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Атырау облысы