Сондықтан, департамент облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Ережелерді сақтамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің нормаларына сәйкес шаралар қолданылады.
Мысалы, 1 сәуір күні департамент пультіне 33 шақыру түскен.
Облыс орталығындағы «Яблонька» саяжайының 4 учаскесінде ағаш үйлер мен қоршаулар жанған. Усолка көшесі, 163 мекенжайында екі қабатты кірпіш үй, 15 иесіз саяжайда құрғақ шөп,Павлодар ауданы, Черноярка ауылында 40 гектар аумақта шөп өртенді.
Өрт сөндірушілердің бірлескен іс-қимылдары барысында өрт жалыны жедел сөндірілді.
Өрт сөндіру жұмыстарына 9 техника бірлігі жұмылдырылды.
- Сонымен бірге, Ертіс өзені жағалауындағы жайылымдар құрғақ шөп пен қамыстың өртену оқиғалары орын алды. Бұл жерлерді ауыл әкімдері мен ерікті өрт жасақтары қоршауға алып, өрттің таралуына жол бермеді, - дейді басқармасы бастығының орынбасары Жанас Рүстем.
Ал қазір өрт сөндіру техникаларының жайылым аумағына жетуі қиын. Жайылмаларда қар әлі еріген жоқ, жер батпақ.
ПАВЛОДАР
Сурет: департаменттен