Қоғам • 06 Сәуір, 2020

Әлеуметтік төлем алу үшін 1 284 000 өтініш келіп түсті - министр

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар әлеуметтік төлем алу үшін өтініш бере бастағанын айтты.

Әлеуметтік төлем алу үшін 1 284 000 өтініш келіп түсті - министр

«Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар өтініштер бере алады. Ол үшін қазір екі портал тұрақты жұмыс істеп жатыр. Ол электрондық портал egov.kz  және 42 500.enbek.kz.  Оның дәлелі ретінде соңғы 3 күндегі өтініштер санын атап өтуге болады. Бүгін таңертеңге дейін бізге 1 284 000 өтініш келіп түсті. Қазір ЭЦП қолданудың қажеттілігі жоқ. Оны SMS арқылы немесе құпиясөз арқылы растауыңызға болады», деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, бұған дейін порталда тек қана жұмыс берушілер тіркеле алған болса, енді  жеке тұлғалар да портал арқылы өтініш береді.