Коронавирус • 07 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуал: Вирустан қайтыс болғандар саны 75 мыңнан асты

485 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 184 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

7 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 1 359 398 өлім саны - 75 945, айыққандар саны - 289 109 адам болды (жаңартылған уақыты 17:14).

17:03

Вирустан қайтыс болғандар саны 75 мыңнан асты

Дүниежүзі бойынша коронавирустан зардап шеккендердің  статистикасын жүргізетін Johns Hopkins University (JHU) мәліметіне сенсек, қайтыс болғандар саны 75 мыңнан асты.

2019 жылдың соңында Қытайда басталған індетті барлығы 1 359 398 адам жұқтырды. 300 мыңға жуық адам жазылған. 

Коронавирустың жаңа түрі ең көп таралған ел АҚШ болғанымен, зардап шеккен елдердің тізімін Италия (16 523 өлім саны) мен Испания (13 798) бастап тұр. 

s


15:27

Жапонияда төтенше жағдай жарияланды

Премьер-министр Синдзо Абэ Жапонияда бір айға созылатын төтенше жағдай жариялады.

Бұл шара ел тұрғындарының 44 пайызына әсер етеді.

Шешім Токио Олимпиадасының келесі жылы өтетіні туралы мәлімдемеден кейін жарияланды.

Қазір елде 3,906 адам вирус жұқтырған, 92 адам қайтыс болып, 592 науқас айыққан. 

в


 12:28

Көршілес елдердегі жағдай қандай?

⚡Ресей - 6 343 адам жұқтырған, 406 адам жазылған, 47 адам қайтыс болған

⚡Қырғызстан - 228 адам жұқтырған, 33 адам жазылған, 4 адам қайтыс болған

⚡Өзбекстан - 472 адам жұқтырған, 30 адам жазылған, 2 адам қайтыс болған

⚡Қытай - 82 697 адам жұқтырған, 77 393 адам жазылған, 3 335 адам қайтыс болған


10:17

Борис Джонсон қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон жағдайының нашарлауына байланысты кеше кешке Лондондағы St Thomas’ ауруханасының қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

Мемлекеттік билік елдің Сыртқы істер министрі Доминик Раабқа берілді.

55 жастағы саясаткер вирус анықталған 10 күннен бері үйінде ем алған, індеттің белгілері қайтпаған соң оны жексенбі күні ауруханаға жатқызған еді. 

АҚШ, Франция және өзге де ел көшбасшылары оған жылы лебіздерін білдіруде.


10:01

Сингапурдa COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 66 адам тіркелді

Аталған елде жалпы 1 375 адам коронавирусты жұқтырған. Оған қоса, кешегі күнмен салыстырғанда жаңа жағдайлардың саны екі есеге қысқарған. 344 науқас сауығып, алты адам қайтыс болған.

авв


09:40

Италияда індеттің беті бері қараған секілді

Италияда қарқынды терапия палаталарында емдеуді қажет ететін коронавирус инфекциясы бар емделушілер саны үшінші күн қатарынан азайып келеді.

Қазір мұндай палаталарда 3 898 адам жатыр.  

Соңғы деректер бойынша Италияда тағы 1 941 вирусты жұқтырған адам анықталды, елде COVID-19 жұқтырғандар саны 132 547 адам. 22 837 адам сауығып шыққан. 

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны — 16 523 адам.

ч


09:20

Әлемдегі жағдай қысқаша:

Испанияда өлім саны төртінші күн қатарынан азайып келеді

Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

• Қытай вирус көп тараған бестіктен шығып қалды

• Қытай вирус көп тараған бестіктен шығып қалды

• Гаитиде коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам тіркелді