Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

85 мыңнан аса қазақстандық ЭЦҚ кілтін онлайн алды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов  айтты.

85 мыңнан аса қазақстандық ЭЦҚ кілтін онлайн алды

«ХҚКО-ның жабылуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады деген сұрақтар туындады. Біз бұл мәселені шештік. Бүгінгі күні ЭЦҚ-ны электрондық түрде тұлғаны биометриялық сәйкестендіру және бір реттік пароль арқылы алуға болады. Бұл механизм іске қосылды және бүгінгі күні жеке тұлғалар үшін 85 461 ЭЦҚ алынды», - вице-министр. 


Жеке тұлғалар 85 441 ЭЦҚ қашықтан алса, Қазақстан азаматтары шамамен 10 млн ЭЦҚ тіркеген. ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап 800 оператор мемлекеттік қызметті көрсетуге кірісті.