Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова хабарлады.

Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

«Қалалық медициналық ұйымдар мен республикалық мекемелердің 31 маманы вирус жұқтырған. Негізінен, бұл мамандар коронавирустық инфекция бар пациенттердің емдеу-диагностикалық процесіне қатыстырылмаған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы ауруханаға жатқызылды. Емді клиникалық хаттамаға сәйкес алады», - деді Сәуле Қисықова.