Саясат • 09 Сәуір, 2020

Ұғына білгенге – ұлт тағдыры

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихы көшпенділер өркениетінен, кейінгісі Қазақ хандығынан бастау алатын тәуелсіз Қазақстанның өзге елдермен терезесі тең, зайырлы мемлекет болып, әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігіне айналғанына 30 жылға жуықтады.

Ұғына білгенге – ұлт тағдыры

Қай ғасыр, қай дәуірде болсын ұлт тағдырына кезіккен сын сағаттар болды. Бірде жаугершілік, бірде жұт, тағысын тағы. Тарихтың қай соқпағы болсын қазақ халқы шырғалаңнан жол тауып, қиындықтар мен дағдарыстарда мойымай, кесапат пен кесірді бірлік, ынтымақпен жеңіп отырған. Ел билеген сұлтандар, би-даналар мен абыздар елді кесімді бір сөзімен тоқтатып, жақынды барлап, алысты болжап пәтуа қылған.

Сол бір ата дәстүрдің жолымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы халыққа жол тартты. 2020 жы­лы әлемді алаңдатқан, адамзатты әбі­герге салған, әлемдік экономиканың да­му қарқынын, тұтынушы қоғамның тіршілігін бір пәсте баяулатып, күтпеген ауыртпашылыққа тұтқиылдан әкелген коронавирус дертімен күрес жағдайында елді сабырға, ынтымаққа, бірлікке шақырған үндеу –  мәңгілік  елдің бүгінгі күн тәртібі. Бұл аға ұрпаққа – хат, атқамінерге – бағыт, жастарға – нұсқаулық. Бағалай білгенге – болашаққа бағдар, саралай білгенге – саналы ой, ұғына білгенге ұлт тағдыры дер едім.

 

Амалбек ӨМІРТАЙ,

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы