Экономика • 09 Сәуір, 2020

Бюджет–2020: Министрлер кабинетінің үлесі қандай?

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылға арналған бюджетке енгізілген түзетулерге сәйкес мемлекеттік органдар қанша қаражат алатындығы туралы мәліметтерді ұсынамыз.

Бюджет–2020: Министрлер кабинетінің үлесі қандай?

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне  2020 жылы 638,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы жекелеген салаларды дамытуға, көлік инфрақұрылымы мен жолдарды жақсартуға,   «Бәйтерек» холдингіне несие беру және оның жарғылық капиталын ұлғайтудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады.

Түзетулерге сәйкес, Қаржы министрлігі 2020 жылы 38,5 млрд теңге алады, ол басқалармен қатар Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелерін дамытуға, салықтық басқару жүйесін реформалауға, шекарадан өткізу пункттерін жаңартуға және халықаралық қаржы ұйымдарында үлестер сатып алуға бағытталады.

Ұлттық экономика министрлігіне өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, «Самұрық-Қазына» қорының және «Бәйтерек» қорының жарғылық капиталын ұлғайтуға 141 млрд теңге бөлінеді.

Қаржы министрлігінің еншісіне 38,5 млрд теңге бұйырды: Ақпараттық жүйелерін дамытуға, салықтық басқару жүйесін реформалауға, шекарадан өткізу пункттерін жаңартуға және халықаралық қаржы ұйымдарында үлестер сатып алуға жұмсалады.   Энергетика министрлігі газ тарату және жылу энергетикасы жүйелерін дамытуға 69,3 млрд теңге бөлінді. Сауда және интеграция министрлігі  KazakhExport жарғылық капиталын ұлғайтуға және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін Қазақстанның Даму Банкіне несие беру үшін  59 млрд теңге бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігі бюджеттен 33,1 млрд бөлінді. Бұл қаржының 6,9 млрд теңгесі  денсаулық сақтау нысандарын салу мен сейсмикалық нығайтуға, сондай-ақ инфекциялық ауруханаларды орналастыруға арналған жинақталған кешендер құруға жұмсалады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы үшін осы соманың  5,5 млрд теңгесі бөлінді.

Дәл осындай сома Президент Әкімшілігіне де бөлінеді. Ақша мемлекеттік органдардың құрылысына және қайта құрылуына және Щучинск-Боровск курорттық аймағын дамытуға арналған.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгро» холдингінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін 10 млрд теңге бөлінді.

 Су ресурстарын тиімді басқару үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бөлінгені 53,1 млрд теңге.

19,3 миллиардтан астам теңге Ішкі істер министрлігіне жіберіледі. Оның 11,2 млрд теңгесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдан қорғау объектілерін салуға, қайта құруға жұмсалады. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 7 миллиард теңге жіберіледі. Сондай-ақ 50 миллион теңге - Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық ұланның әскери институтын салуға жұмсалады. 
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігіне әскери нысандар салуға және олар үшін басқарудың автоматтандырылған жүйесін құруға 5,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы Сот-сараптама институты ғимаратының құрылысына 5,7 млрд теңге алады және зираттар бар крематорийлер салу үшін Нұр-Сұлтан қаласы мен  Алматы бюджеттеріне аударады.

Басқа мемлекеттік органдарға келетін болсақ, бюджеттен 3,8 миллиард теңге ҰҚК-ге, 1,6 миллиард теңгесі Бас прокуратураға және 1,3 миллиард теңге Жоғарғы Сотқа жіберіледі.