Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Екі жүз әлеуметтік блок мамандары онлайн қызмет көрсетеді

165 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Азаматтарға арналған үкіметтің осы күндері  халыққа онлайн қызмет көрсетіп отырған тағы бір тобы – 3 мыңға жуық әлеуметтік блок мамандары. Олардың ішінде Алматы қаласы филиалының 200 қызметкері бар.

Екі жүз әлеуметтік блок мамандары онлайн қызмет көрсетеді

Қазақстанның 2,2 миллион зейнеткерінің зейнетақыларын уақытылы алуы осы қызметкерлерге байланысты, дейді орталық мамандары. Төлемдер мен мүгедектікке байланысты жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы, бала тууына байланысты және т.б. әлеуметтік төлемақыларға қатысты сұрақтарға осы қызметкерлер жауап беруде.

Қазіргі кезде жұртшылықты толғандырып отырғаны 42500 теңгені алу мәселесі. Бұл жәрдемақыны Азаматтарға арналған үкімет Әлеуметтік блогының қызметкерлері құжаттар мен өтініштерді әзірлеп, төлемақыларды азаматтарға аударып отырады. Сонымен қатар аталмыш жұмыстар айтарлықтай жауапкершілікті де жүктеп отыр.

«Сын сағатта барлық қазақстандықтар төзімділік, бірлік пен саналылық таныту қажет. Біз де өзіміздің жұмысымызды адал орындауға тырысып жатырмыз. Өйткені бүгінгі күні жауапкершілік таныту аса маңызды болып отыр», - дейді Азаматтарға арналған үкіметтің Наурызбай аудандық бэк-офисінің қызметкері Жомарт Сауранбаев.

Ал, Гүлбану Құрбанова болса 2015 жылдан бері әлеуметтік блоктың Алмалы бэк-офисінде жұмыс істеп келеді. Екі баланың анасы. «Карантин бізді көптеген нәрселерге басқаша қарауға үйретті. Ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуына мол мүмкіндік туды. Сондықтан, мен карантин уақытының жағымды жағын көруге тырысамын. Үйде отырып та жұмысқа үлгеріп жатырмын. Сондықтан, балалы аналарға келешекте де қашықтықтан жұмыс істеу жолын таңдау керек болатын шығар», - дейді ол.

Алмалы аудандық бэк-офисінің басшысы Қалия Базикенованың айтуынша, 42500 теңгені алу үшін түсіп жатқан өтініштер көп. Тек Алмалы ауданының өзінде ғана 5 мыңға жуық өтінім өңделген. Әріптестерімен бірге артылып отырған жүктемені абыроймен көтеріп, қызметтерді сапалы көрсетуге аса мән беріп отырғанын айтады. Сонымен қатар, өтінімдердің көп түсуіне байланысты күндіз-түні демалыссыз жұмыс істеуге көшкен. Ол жұмыс жүктемесінің артылуына қарамастан еңбек етіп отырған әріптестерінің табандылығы мен біліктілігіне  өз алғысын білдірді.

Еліміз басынан қиын кезеңді өткеріп отырған сәтте, жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп отырған филиалдың барлық қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Біздің үлкен команда дәрігерлер мен полиция қызметкерлері секілді, олар да өз жұмыс орындарында (бірі кеңседе, енді бірі үйде) 14 сағаттық жұмыс кестесімен демалыс күндері де еңбек етіп, халыққа онлайн режимде қызмет көрсетуде.   Бұлар  - Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалының 400-ден астам қызметкерлері.

1

1414 байланыс орталығына қосылған операторларымыз 10 мыңнан астам адамға кеңес берді. Видео қоңырауды қабылдауда отырған операторларымыз 3,4 мың азаматты Mgov Mobile қосымшасына тіркесе, бэк-офистердегі әлеуметтік блокта істейтін қызметкерлеріміз әлеуметтік төлемдер бойынша 40 мыңға жуық өтінішті өңдеді.

Бүгінде 608 мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады, оның ішінде мамандандырылған бөлімдердің қызметтері де бар. Смартфон арқылы 60 қызмет түрін алуға мүмкіндік бар. Осылайша, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ халықтың электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланып, сыртқа шықпай-ақ, бар жұмысын үйде бітіріп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуына жағдайлар жасауда. Қызметтерді онлайн ала отырып әркім өзін және жақындарын қорғап, ортақ қауіпсіздікке өз үлесін қосатынын білген жөн.

 

АЛМАТЫ