Әлем • 10 Сәуір, 2020

Еуропа одағы: COVID-19-бен күреске 500 млрд евро жұмсамақ

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықта қарқын алған қатерлі індетті тізгіндеп, құлдыраған экономиканы көтеру үшін Еуропа одағы 500 млрд евро жұмсамақ. Бұл хабарды кеше «Eurogroup» директоры Марио Сентено жариялады.

Еуропа одағы: COVID-19-бен күреске 500 млрд евро жұмсамақ

Бірақ бұл қаржы Еуропаның орталық банкі жоспарлаған сомадан әлдеқайда аз. Аталмыш қаржы орталығы еуропалықтарды індет салдарынан құлан таза құтқару үшін 1,5 триллон евро қажет деген болатын.

Бұл бастаманы Францияның қаржы министрі Бруно Ле Мэйр «экономиканы қолдау мақсатында қолға алынып отырған аталмыш шара Еуропа одағы тарихындағы аса құнды дүние» депті.

Өйткені, коронавирус індеті Қарт құрлықты шайқап жіберді. Ең қиыны мемлекеттерді оқшаулану әрекеті бұрынғы қаржылық байланыстырды әлсіретті. Тіпті Италия, Испания, Германия, Нидерланд қатарлы ежелгі елдердің өзі COVID-19-бен күрес барысында қателіктерге бой алдырды. Қысқасы, індеттен кейін де өмір бар дегендей, еуропалықтар вирус әкелген салдармен күні-түні күресері анық. Өйтпеген жағдайда, құрлық экономикасы жетекшілік бағытынан жаңылуы мүмкін. Бұл құбылыс ең әуелі біздің көрші Қытай еліне пайдалы болмақ.