Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында 572 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күніне 1200 бетперде тігіліп, тұрғындарға таратылуда.

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында 572 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Көкпекті ауданында «Біз біргеміз» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Ауылдық округ әкімдері аудан кәсіпкерлермен бірлесіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда.

к

«Аудан кәсіпкерлері ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, көмекке мұқтаж жандарға ет, азық-түлік тауарлары және медициналық бетперделер таратты. Жалпы аудан көлемінде «Біз біргеміз»  акциясы аясында  4 миллион, 697 мың теңгенің сомасына 572 мұқтаж жанға көмек көрсетілді.

кө

Осындай дүрбелең кезеңде аудан тұрғындарына қол ұшын созуда ерекше қайырымдылық жасаумен көзге түскен Болат Бекбердинов, Жұмабек Күшікпаев, Сайдығали Ибраимов, Ержан Қойгелдин, Қанат Тілебалдин, Мұса Нұғыспанов, Мерхат Шакерханов сынды жомарт азаматтарды атап өтуге болады» дейді Көкпекті аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Халықов.

көк

Ауданда тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылған. Бүгінгі күні Көкпекті ауданында күніне 1200 бетперде тігіліп, тұрғындарға таратылуда. Бүгінгі күні Көкпекті ауданының 21542 тұрғыны (78%), оның ішінде 3146 тұрғыны тегін бетперделермен қамтамасыз етіліпті.

Шығыс Қазақстан облысы,

 Көкпекті ауданы