Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Қажылықтан коронавирус жұқтырып келген науқас дертінен айықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус індетін жұқтарған науқас сауығып, аурухандан шықты. Ол 21 наурыз күні  індет белгілері анықталып, Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған болатын.

Алматы облысы: Қажылықтан коронавирус жұқтырып келген науқас дертінен айықты

Қазір 1986 жылы туған тұрғынның жағдайы жақсы. Дәрігерлер емдеудің нәтижелі болғанына көз жеткізіп, бүгін пациентке үйіне баруға рұхсат берген. Айтпақшы, дертен емделіп шыққан науқас 17 наурызда Стамбұл – Бішкек бағытындағы әуе рейсі арқылы Меккеден ұшып келген болатын.

Жалпы, қазіргі дерек бойынша облыста індет инфекциясын жұқтырған 10 адам бар.