Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Хасан Оралтайдың өмірі мен қызметіне арналған онлайн семинар өтті

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі ғалым, тарихшы, журналист Хасан Оралтайдың өмірі мен қызметіне арналған «Елім деп өмір сүрген тұлға» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Аталмыш семинарды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты,Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми қызметкері Бақытжан Болатбекұлы Ақтайлақ жүргізді.

Хасан Оралтайдың өмірі мен қызметіне арналған онлайн семинар өтті

Семинар «Ағажай, Алтайдай ел қайда» әнімен басталды. Бұл кездейсоқ емес. Белгілі болғандай, Хасекеңнің ата қонысы - Алтай жері.

Семинар барысында баяндамашы тарихшының өмірі мен еңбек жолына қатысты презентациялар көрсетіп, аудио және видео материалдарды пайдаланды. Көрермен қауым Хасен Оралтайдың өз дауысын естіп, оның ұлағатты сөздерін тыңдай алды. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы Хасен Оралтайдың құнды деректері мен электронды кітаптары жайында көп мағлұмат алды. Көрермендер баяндамашыға сұрақтар қойып, пікірлерін қалдырды.

Семинар соңында баяндамашы Бақытжан Ақтайлақ Хасан Оралтайдың өмірі ұлтқа қызмет етудің үлгілі көрінісі екендігін айтты. Семинар соңы Мағжанның «Түркістан» өлеңімен аяқталды.