Қоғам • 14 Сәуір, 2020

Балконда өлең айтуға тыйым салынды

1655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

Балконда өлең айтуға тыйым салынды

«Біз карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23:00-ден кейін тыныштықты сақтауды сұраймын. Бұл ескертудің, әсіресе терезеден және балконнан ән айтуға қатысы бар. Тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қаперлеріңізге саламын» деді ол.

Сондай-ақ полиция департаментінің басшысы міндетті түрде медициналық бетперде тағуға қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі кезде медициналық масканы тағу-тақпауға қатысты сұрақтар көп. Масканы тағу керек. Өйткені, сіз вирусты инфекцияны тасымалдауыңыз немесе оны жұқтырып алуыңыз мүмкін» деді Сәденов.