Руханият • 24 Сәуір, 2020

Бұл – халыққа айтарлықтай көмек

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі коронавирус індетінің таралуына орай елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетінін айтқан болатын.

Бұл – халыққа айтарлықтай көмек

Осындай қиын кезеңде табысынан айырылған азаматтарға да қолдау көрсетілді. Бұл – мемлекеттің халыққа жасап отырған жағдайы, көрсетіп отырған көмегі. Бүгінде 42500 теңге көлеміндегі қолдауға көптеген отбасы ие болды. Оның ішінде мен де бармын. Жалпы, мәлімет бойынша Жамбыл өңірінен 200 мыңнан астам тұрғын осы көлемдегі атаулы қаржылай қолдауға ие болған екен. Бұл халыққа үлкен көмек екені сөзсіз.

  Қазіргі кезде елімізде карантин режімі күшейтілуде. Базарлар, ірі сауда-саттық орындары, мейрамхана сияқты әлеуметтік нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұл шешім кәсіпкерлердің кәсібіне кедергі келтіргенімен, халықтың қауіпсіздігі үшін оң нәтиже берерлік шешім болды. Алайда мемлекет табысынан айы­рылған азаматтар үшін тиісті шешім қабылдады. Бұл халық үшін үлкен көмек. Мен де мемлекеттің қолдауы үшін алғыс білдіремін. Мемлекет тарапынан қабылданған тиісті шешімдердің нәтижесінде еліміздің бұл қиындықты да еңсеріп, жеңіп шығатынына сенім мол.

 

Маржан Ештаева,

Тараз қаласының тұрғыны

 

Соңғы жаңалықтар