Коронавирус • 25 Сәуір, 2020

Биолог – әр студент жыл соңында бір вирус түрін табады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ойын Стэнфорд университетін биология бағыты бойынша докторантурасын тәмамдаған ғалым Нұрлыбек Мүрсәлі Жас ғалымдар альянсы ұйымдастырған «Ғылымтану» еркін талқылау алаңында айтты. 

Биолог  – әр студент жыл соңында бір вирус түрін табады

Биолог Н.Мүрсәлі:

– Қарапайым халық мұндай мәліметтерді естімеген соң білмеуі мүмкін. Және жаңа вирус оларға едәуір жаңалық болады. Бірақ біз – биолог-ғалымдар вирустарды күн сайын қолданамыз. Вирус барлық жерде бар. Осы салада оқып, зерттеген адам ретінде айтсам, биология бағытында оқитын әр студент жыл соңында бір вирус түрін табады.

Негізі вирустардың ішіндегі осы COVID-19 секілді қауіпті түрлерінің сирек кездесетініне қуануымыз керек. Сонымен қатар халықты, қоғамды SARS (Severe acute respiratory syndrome – Ауыр жедел респираторлық синдром) сүтқоректілердің ішінде жарғанатта кездесетіні анықталғанымен хабардар еткім келеді

ХХІ ғасыр – биология ғасыры. Ғылымның көп саласы зерттелді, толық зерттелмей тұрғаны осы биология бағыты болып тұр. Сондықтан Қазақстан алдағы дамыту стратегиясын осы салаға бұру керек. Қазірдің өзінде тест-жүйемен айналысып отырған әріптестерім Қытайдан әкелінген тесттердің тек 40 пайыз анықтайтынын айтып отыр, – деді.