Спорт • 27 Сәуір, 2020

Бүгін – Динара Сафинаның туған күні

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан 34 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың 27 сәурінде Мәскеуде әйгілі теннисші Динара Сафина дүниеге келген еді.

Бүгін –  Динара Сафинаның туған күні

Спортшылар отбасында дүниеге келген Динара балауса кезінен тенниспен айналысты. Әр жылдары WTA турнирінің жекелеген сайысында 12 рет топ жарып, жұптық бәсекеде 9 мәрте дара шықты. Екі рет «Ролан Гарростың» және бір мәрте Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс медальді иеленсе, 2009 жылдың көктемінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Динараның ұлты – татар. Оның туған ағасы Марат Сафинның да қандай мықты теннисші болғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Биыл 40 жасқа толған Марат ғасырлар тоғысында әлемдік рейтингте көш бастады. Әкесі Мөбин Аликсейұлы Мәскеудегі теннис клубын басқарса, анасы Рауза Мұхамеджанқызы халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кезінде ол өз балаларын ғана емес, Елена Демьентьева, Анастасия Мыскина және Анна Курникова сынды теннисшілерді де жаттықтырды.