Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда - министр

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы әуе байланысы туралы министр Дәурен Абаев айтты.

Бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда - министр

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Оның ішінде екі рейс «Эйр Астана», бір рейс «Флай Арыстан», бір рейс «Скат» компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстау міндетті. Ал жағдай түзелген сайын рейс санын, ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы, көліктегі бас санитралық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек»,- деді министр.

Сондай-ақ ұшу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталатынын айтты:
- жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталуда.
- жеке қорғаныш құралдарын қолдану керек (маска, қолғап).
- қызуын өлшетіп, тиісті дистанцияны сақтау қажет.
- әуежайда және ұшақта күшейтілген дезинфекция жасалады.

Айта кету керек, бүгін  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде  1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстердің ашылатынын айтты.