Білім • 28 Сәуір, 2020

Қыркүйекке дейін қалған тоқсанның видеосабақтарын түсіру керек – министр

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның онлайн режімде өтіп жатқан аппараттық кеңесінде айтты. 

Қыркүйекке дейін қалған тоқсанның видеосабақтарын түсіру керек – министр

– Біріншіден, биылғы қыркүйекке дейін видеосабақтарды IV тоқсанның бағдарламасы бойынша ғана емес, барлық тоқсандағы тақырыптарға да түсіруіміз керек. Екіншіден, видеосабақтардың сапасы мен контентіне көңіл бөлуіміз қажет. Әрине сын сағатта шұғыл шешіммен жылдам түсіруді көздедік, енді алдағы уақытта видеосабақтарға тиісті мультимедияларды қосып, жоғары сапада дайындауға тиіспіз. Үшіншіден, видеосабақтардың ұзақтығын пәнге, сынып ерекшелігіне сәйкес қайта қарау керек. Біреуіне 10 минут жеткілікті болса, басқасына мүмкін 20 минут қажет шығар. Сондықтан осы тұрғыдан қарап, тиісті зерттеу жүргізіп, бір тұжырымдамаға келгеніміз дұрыс, – деді министр. 

Соңғы жаңалықтар