Білім • 28 Сәуір, 2020

Заңды сақтамағандарға кадрлық шешім шығарамыз – А.Аймағамбетов

2949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның онлайн режімде өткен аппараттық кеңесінде айтты.

Заңды сақтамағандарға кадрлық шешім шығарамыз – А.Аймағамбетов

– Педагогтардың мәртебесі туралы үлкен сөз қозғалғанын білеміз. Біз Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде тиісті заңды да қабылдадық. Заң қазір іске асып жатыр. Бірақ осы күндері педагогтың мәртебесі мәселесінде көптеген келеңсіздіктерді БАҚ арқылы көріп отырмыз. Тіпті жиіленіп кетті деп айтқым келеді. Осындай елдегі төтенше жағдайға қарамастан педагогтың міндетіне жатпайтын әртүрлі шараларға, кезекшілікке тарту жағдайларына жол бермеу керек. Мен жергілікті білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің өкілдеріне осындай фактілерге тиісті шара қолданып, қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Егер мұндай жағдай жиіленіп кететін болса, тиісті кадрлық шешімге дейін қабылдаймыз, – деді министр.