Руханият • 29 Сәуір, 2020

Халық денсаулығын сақтаудың ұтымды амалы

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мәлімдемесінде әрбір қазақстандықты толғандыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Халық денсаулығын сақтаудың ұтымды амалы

Ең алдымен, төтенше жағдай режімін осы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту оң шешім болды. Бұл қазіргі күрделі жағдайда өте қажет. Өкінішке қарай, індеттің таралуы әлі бәсеңдеген жоқ. Карантиндік шараларды бір мезетте алып тастаған жағдайда, біз қол жеткізген барлық нәтижелер, атап айтқанда, вирустың таралуын шектеу бойынша шаралар бекер болып, аурудың жаңа толқынына тап болуымыз айқын.

Бүгінде бүкіл әлем адам ден­сау­лығына үлкен қауіп төндіретін инфек­цияға тап болғанын мойын­даған кезде бос сөздерге жол жоқ. Президенттің айтуынша, «Керісінше ойлау – бұл ақылға қонымсыз немесе зұлымдық ниеттің болуы».

Сонымен қатар коронавирустың таралу жағдайы бақылауда тұрған облыстар мен қалаларда карантиндік режім жеңілдетілуі мүмкін. Бұл ең алдымен, өнеркәсіптік кәсіп­о­рындар, банктер, халыққа қыз­мет көрсету орталықтарына қатыс­ты. Балалардың ойын алаң­дарына
қолжетімділігі, саяжайлар учас­ке­леріндегі көктемгі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру мәселесі тал­қылануда. Халықтың өмірін ұйымдастырудың бірқатар басқа да маңызды мәселелері бар. Бірақ жергілікті билік пен кәсіпорын басшылары өз жауапкершіліктеріне толықтай алып, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Олардың арасында, бірінші кезекте, әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарын дезинфекциялау және басқа да маңызды санитарлық-гигиеналық нормалар бар. Жеңілдік жасау – тәртіпті бұзуды білдірмейді.

Біз карантин жағдайында бір айдан астам уақыт өмір сүріп келеміз. Әрине, мұның да өз артық­шы­лықтары бар және жалпы алғанда біз өте оптимист халықпыз. Мемлекет бас­шысы осы қиын уақытта өзін ұстап, өзінің жақындары мен еліне көмек көрсетіп жатқан жан­дарға үнемі алғыс білдіруде. Прези­дент, сондай-ақ шын мәнінде бар­лы­ғымыз үшін өте күрделі уақыт екенін үлкен түсіністікпен және жанашырлықпен атап өтті. Әдеттегі өмір салтын жоғалту, жос­пар­лар­дың, табыстардың өзгеруі, қарт адамдардың және балалардың ден­саулық мәселелері кейде әлеуметтік көңіл-күйдің түсуіне алып келеді.

Бұл мәселелерді Үкімет шешуде және Президенттің тұрақты бақылауында. Қазіргі жағдай Қауіпсіздік Кеңесінің және Nur Otan партиясының Төрағасы ретінде Елбасының назарынан да тыс қалмауда. Халықты қол­дау шара­ларының екі пакеті қабыл­данып, іске асырылуда. Бұл жұмыс жүйелі негізде жалғасады.

Тұтастай алғанда, Мемлекет бас­шысы дағдарыстан кейінгі қиын жағдай сөзсіз басталатынына ерекше назар аударды және біздің жаңа жағдайда өмір сүретінімізге, ол кезде экономикалық және мемлекеттік басқару жүйесінің ауқымды, терең өзгерісін жүзеге асыру қажет болатынына тоқталды.

 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры