Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

​Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар ағыны бойынша еліміздегі әуежайлардың ішінде бірінші орынды алады. 2019 жылы әуежайда 7,2 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Бұл Қазақстанның авиация нарығының 40% құрайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

​Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Оңтүстік астананың әуе айлағы - екі ұшу-қону жолағы бар және ИКАО-ң IIIB санаты бойынша қондырғысы бар Қазақстандағы жалғыз әуежай.

Әуежай жеке меншікке. Қызметкерлерінің саны - 3217 адам.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін Алматы қаласы әуежайынан 18 ішкі бағыт бойынша аптасына 295 тұрақты рейс орындалды. Сондай-ақ аптасына 3 қазақстандық және 16 шетелдік әуе компаниясы 29 бағыт бойынша 229 халықаралық рейс орындады.

2017 жылы ұшу-қону жолақтарының біріне қайта жаңғырту жүргізілді. Бұл өз кезегінде әуеайлақтың өткізу қабілетін сағатына 13 ұшақтан 24 ұшақ ұшуына дейін арттыруға мүмкіндік берді.