Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Атырау: Майдангерлер мен тыл ардагерлеріне – 750 мың теңгенің сертификаты табысталды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін NCOC компаниясы Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау мен Ақтау қалаларында ардагерлерге электрондық сертификаттарды табыстау шарасын өткізді. Бұл – демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында қолға алынған жоба.

Атырау: Майдангерлер мен тыл ардагерлеріне – 750 мың теңгенің сертификаты табысталды

Атырау және Маңғыстау облыстарының ардагерлері үшін 20 сыйлық сертификаты дайындалыпты. Электрондық сертификаттар тек қана сертификат алушы білетін бірегей кодпен қорғалыпты. Сертификат куәлікті көрсеткен кезде ғана жарамды болады. NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаев электронды сертификаттарды Атырау және Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары Қатимолла Ризуанов пен Серікбай Төлетовке тапсырды.

– Біз 75 жыл бойы аштық пен жоқтық тауқыметін көрмей, ашық  аспан астында өмір сүріп, еңбек етудеміз. Бұл Жеңіс бізге қымбатқа түсті. Майдангерлеріміз ерлігімен, қайсарлығымен Отанды қорғауды, сүюді көрсетті. Биыл өкінішке орай, карантин шектеулеріне байланысты, ардагерлерімізбен жүздесе алмадық. Десек те, біз NCOC компаниясы атынан әр ардагерге сыйлық ретінде 750 000 теңге тұратын сертификат дайындадық, - деді Ермек Марабаев.